Рамазан Оразов «Ақтөбе» клубына оралуы мүмкін

Редактор
03.01.2024, 10:11

Ол аталған клубта 2021/2022 жылдары ойнаған

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшарт жасасуы мүмкін деп жазады Meta-ratings.kz.

25 жастағы ойыншыны команда қатарына қосуға облыс әкімі Асхат Шахаровтың өзі қызығушылық танытып отырған көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, Оразов ақтөбелік клуб сапына жақын күндері Түркияда басталатын оқу-жаттығу жиындары кезінде қосылады.

Айта кетейік, Рамазан Оразов бұған дейін словениялығ «Копер» командасында ойнап келді. Алайда, клуб қожайындары қазақ футболшысымен келісімшартты үзетінін мәлімдеген. Дегенмен, бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

Оразов «Копер» сапында 12 матч өткізіп, бір гол соққан.