Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Өсек-аян»: Асхат Тағыбергеннің әйелі Шымкент әкіміне жауап берді (ВИДЕО)

Редактор
17.03.2025, 23:04

Бұған дейін Ғабит Сыздықбеков Тағыбергеннің 20 млн теңге жалақы алатынын айтқан болатын

Фото әлеуметтік желіден

Футболдан Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысына байланысты дау жалғасын тапты.

Есте болса, бұған дейін шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Тағыбергеннің 20 млн теңге жалақы алатынын, алайда соған лайықты ойнай алмайтынын айтқан болатын. Артынша әкімнің бұл мәлімдемесі қоғамда қызу дауға ұласты. 

Осыдан кейін футболшының өзі емес, оның әйелі әкімге жауап қатты. Өзінің Instagram-парақшасында жазба қалдырған Махаббат Тағыберген Асхаттың қазақ футболына қосқан үлесі туралы айтып, «Ордабасының» басшылары Асхатты шетелге жібермей алып қалғанын да мәлімдеді.

«2023 жылы Асхат капитан ретінде командасының жеңіске жетуіне зор үлес қосып, Шымкент клубы тарихта тұңғыш рет чемпион атанды. 2024 жылы жарақаттарына қарамастан ойынын жалғастырып, шабуылда жүрді. Биыл да келісімшарт бойынша өз ісін адал атқаруда. 2023 жылдың жазында Асхаттың Шымкент командасымен келісімшарты аяқталуына жарты жыл қалғанда, оған Түркиядан екі жылдық ұсыныс жасалды. «Ордабасы» Асхатты жіберуден бас тартты және команда чемпион атанса, дәл түріктер ұсынған екі жылдық келісімшартты ұсынатынын айтты», - деді футболшының жары.

Десе де, Махаббат Тағыберген күйеуінің жалақысына қатысты ақпаратты нақты жоққа шығарған жоқ.

«Жалақыға қатысты мәселені білмей жатып, түрлі әңгіме айтылып жатыр. Бірақ мәселе жалақыда ғана емес, футболшылар ең алдымен денсаулығын алаңда қалдырады. Олардың еңбегі өсек-аянмен емес, нақты жетістіктерімен бағалануы керек», - деді Махаббат Тағыберген.

Еске салайық, Шымкент әкімі биыл «Ордабасының» бюджетін қысқартуға уәде берген болатын. Алайда, уәдеге қарамастан клуб Қазақстан Премьер-лигасында бюджеті көп командалардың бірі болып отыр.

Жарнама
Жарнама