Нидерландта Промес немере ағасына пышақпен шабуыл жасаған
Нидерланд құрамасы мен «Аякс» клубының бұрынғы вингері, бүгінде БАӘ чемпионатында өнер көрсетіп жүрген Квинси Промес ислам дінін қабылдады.
Mash телеграм-арнасының мәліметінше, 33 жастағы нидерландтық куәгерлердің қатысуымен шаһаданы оқыды. Бұл оның мұсылмандықты мойындағанын аңғартады.
Нидерландта Промес немере ағасына пышақпен шабуыл жасаған және есірткі контрабандасы үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Футболшыға тіпті халықаралық іздеу де жарияланған еді.
Қазір Промес Дубайдың «Юнайтед» клубында өнер көрсетеді. Сонымен қатар ол «Севилья», «Спартак» және «Твенте» клубтарында ойнаған.