Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Боранбаев шақырса да Қазақстанға бармаймын, ол жақта жағдай қиын – Артем Дзюба

Редактор
20.03.2025, 10:18

Бұған дейін инсайдерлер Ресей футболының ардагері Алматыға қоныс аударады деген ақпарат таратқан болатын

Ресей футбол одағы

Күні кеше футболдан Ресей құрамасының үздік сұрмергені атанған Артём Дзюба Қазақстанның «Қайрат» клубына ауысуы туралы ұсынысқа жауап берді.

Бұған дейін Алматының «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев 37 жастағы ресейлік шабуылшы Артем Дзюбаға ұсыныс жасағанын айтқан еді.

«Мен Чемпиондар лигасында ойнау үшін «Қайратқа» ауысуым мүмкін бе? Маған ол жақта чемпионат жасанды алаңда ойнайтынын айтты. Мына жасымда жасанды алаңда ойнау қиын. Екі рет жасанды алаңға шықсам, карьерамды аяқтап жүрермін»,  — дейді Дзюба  Championat.com басылымына берген сұхбатында.

Футболшы Тольятти командасында 2024 жылдың қыркүйегінен бері ойнап келеді. Оның «Акронмен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған.

Артем жақында Александр Кержаковтың екі бірдей рекордын жаңартты. Алдымен чемпионаттағы голдарының санын, сосын кеше ұлттық құрамадағы рекордына өзгеріс енгізді.

Жарнама
Жарнама