Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына қазақ тілінде сәттілік тіледі

Редактор
21.03.2025, 14:53

Қазақстанда жүргенінде ол журналистермен қазақ тіліне қатысты бірнеше рет дауласқан болатын

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов командаға алда болатын іріктеу ойындарында сәттілік тіледі. Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Уэльс және Лихтенштейн құрамаларымен кездесу өткізеді.

Еске салайық, Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың жазында алып, Ұлттар лигасында өнер көрсетті. Алайда, ресми өткізген алты матчта бірде-бір рет жеңіске жетпей, тіпті команда бір гол да соға алған жоқ. Биыл қаңтарда ол отставкаға кетті.

«Қазақстан құрамасына 2026-жылғы Әлем чемпионатындағы Уэльс пен Лихтенштейнға қарсылас іріктеу матчтарында сәттілік тілеймін! Өткен жылғы тәжірибелеріміз бен жаңа жаттықтырушылар штабының көзқарасы Қазақстан құрамасына алдағы ойындарда сәтті өнер көрсетуіне көмектеседі деп үміттенемін! Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақстандық футбол жанкүйерлерін Наурыз мейрамымен және көктемнің келуімен құттықтаймын! Барлықтарыңызға қуаныш пен өміріңізде жарқын оқиғалар тілеймін», - деп жазды Черчесов өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, ресейлік маман Қазақстанға келе сала журналистермен қазақ тіліне қатысты дауласқан болатын. Бұл жайт екінші рет қайталанған кезде оған ҚФФ айыппұл салды. 

Жарнама
Жарнама