Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Путин қатысқан форумнан ақша жеген». ҚФФ-ның бұрынғы президенті сотта соңғы сөзін айтты

Редактор
27.03.2025, 10:31

Қожағапанов заңсыз айыпталып жатқанын айтты

QFL

Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті, сондай-ақ бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бойынша сот талқылауы аяқталуға жақын.

Ол 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру барысында 1 миллиард теңгенің жымқырылуына басты айыпталушы ретінде танылған.

Қожағапанов өзіне қатысты істің қолдан ұйымдастырылғанын айтады. 

«Мені заңсыз айыптап жатыр, іс қолдан істелінген. Қылмыстық кодекстің 361-бабының 3-бөлігі – бұл қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – жеті жыл. Алайда жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшыларының бірі маған 12 жылға дейінгі жаза қарастыратын басқа бап тағылғанын айтты. Бұл шындыққа жанаспайды. Егер мен сияқты айыпталушы вице-министрлердің саны 50-ге жетсе, оны түсінуге болар еді. Бірақ мені жалғыз талқылап жатқан секілді», - дейді ол.

Бұрынғы шенеунік Қазақстан-Ресей форумына шығыстарды асыра бағалаумен байланысты сыбайлас жемқорлыққа айыпталуда. Қожағапанов 2024 жылдың 1 наурызында ұсталып, 5 қаңтарда іс сотқа келіп түсті.

Жарнама
Жарнама