Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шымкент әкімінің сынынан кейін Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кететін болды

Редактор
28.03.2025, 20:58

Әкімнің айтуынша, футболшы 20 млн теңге жалақы алып келген

“Ордабасы” ФК

Шымкенттік «Ордабасы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген басқа клубқа ауысуы мүмкін. Бұл туралы ҚФФ-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Құрман жазды.

Есте болса, осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасының» қаржылық проблемалары туралы айта келе, Асхат Тағыбергеннің 20 млн теңге жалақы алып отырғанын, соған қарамастан жоғары деңгейде футбол ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.

Белгілі болғандай, Тағыберген клубпен келісімшартты мерзімінен бұрын үзіп, өтемақы да талап етпепті.

«Келісімшарттың аяқталуына 10 ай қалған еді. Компенсация да талап етпепті. Ең аз нұсқасын таңдапты», - деп жазды Нұрсұлтан Құрман өзінің Telegram-каналында.

Асхаттың таңдауы қай клубқа түсері әзірге белгісіз. Қазірдің өзінде оған Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубы қызығушылық танытуда. 

«Серый CARDINAL» telegram-каналының мәліметінше, Тағыбергенге «Тұран» мен «Қайсар» клубтары көз тігіп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде «Тобыл» тарапынан да қызығушылық болғаны туралы ақпарат тарады, бірақ әзірге бұл туралы ресми мәлімет жоқ.

Жарнама
Жарнама