Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Шахтер» ФК директоры жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
03.04.2025, 22:10

Ол бірнеше қоғамдық жұмысты қатар атқарып келеді

Фото әлеуметтік желіден

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Талғат Дүйсеков жаңа қызметке тағайындалды. Бұдан былай ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын қоса атқарады.

Еске салайық, ҚПЛ-дің былтырғы маусымында «Шахтер» соңғы орын алып, тарихында алғаш рет Бірінші лигаға түсіп қалған болатын. Мұнан кейін Қарағанды облысының әкімі клубты басқаруға Талғат Дүйсековті алып келген болатын.

Талғат Дюсековтің әртүрлі салаларда, оның ішінде білім беру, мемлекеттік басқару және бизнесте мол тәжірибесі бар. Бұған дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жетекші лауазымдар атқарды, сондай-ақ Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесінің мүшесі болған. Қазіргі уақытта қоғамдық қызметке белсенді қатысып, Астанадағы «AMANAT» партиясының қалалық филиалында Экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы болып табылады.

Талғат Дюсековтың басшылығымен Директорлар кеңесі университеттің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес стратегиялық жұмысын жалғастырады.

Жарнама
Жарнама