Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін

Редактор
08.04.2025, 16:40

Ол бұған дейін де исламға қызығушылығын білдірген

Getty Images

Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» (Сауд Арабиясы) клубының жұлдызы Криштиану Роналду дінін ауыстыруы мүмкін. 

40 жастағы шабуылшы 2023 жылдың басында Манчестерден Сауд Арабиясына көшіп келіп, осы уақыт аралығында жаңа елге бейімделу үшін көп нәрсе жасады. Соның бірі – оның ислам дініне қызығушылық танытуы. Командадағы серіктестері мен Роналдудың әрекеттері оның жақын арада ислам дінін қабылдауы мүмкін екенін аңғартады. 

«Әл-Наср» клубының бұрынғы қақпашысы Валид Абдулла өткен жылдың соңында Криштиану Роналдудың болашағына қатысты сенсациялық мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, португалиялық шабуылшы ислам дініне үлкен қызығушылық танытқан.

«Роналду шын жүректен ислам дінін қабылдағысы келеді. Біз бұл туралы көп сөйлестік, оның кәдімгідей қызығушылығы бар. Ол бұрын гол соққан соң сәжде жасаған еді, әрдайым командаластарына намаз оқуға, ислам рәсімдерін ұстануға кеңес беріп жүреді», – дейді Валид Абдулла Moroccoworldnews-ке берген сұхбатында. 

Абдулла сұхбатында Роналдудың ислам дініне қатысты түрлі діни рәсімдердің мән-мағынасын жиі сұрайтынын да айтқан.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың мамыр айында «Әл-Шабаб» қақпасына гол соққан соң Роналду сәжде жасады – бұл мұсылмандардың намаз кезінде орындайтын іс-әрекеті.

Ал биыл Роналду барлық мұсылманды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, өзінің исламға деген құрметін тағы бір мәрте көрсетті.

«Баршаңызға қасиетті Ораза айт мерекесі құтты болсын! Бұл ерекше уақыт сіздерге және жақындарыңызға қуаныш, бейбіт өмір және бақыт әкелсін», – деп жазды Криштиану.

Жарнама
Жарнама