Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елордаға Джей Ло келеді: «Астана» клубы тағы стадионсыз қалады

Редактор
08.04.2025, 21:18

Бұл уақытта елордалық клубтың маңызды матчтары бар

Фото ашық дереккөзден

1 тамызда «Астана Аренада» америкалық әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. «Астана Концерт» компаниясының продюсері Малик Хасеновтің айтуынша, Джей Лоның концертіне билеттер бағасы 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін болады. Одан қалды, шетелден елордаға 15 мыңнан астам турист келеді деп болжап отыр.

Алайда, бұл концерттің өтуі «Астана» футбол клубына қиындық тудырмақ. Себебі, команда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын 24 шілдеде, ал қарымта кездесуін 31 шілдеде өткізеді. Соған қарағанда, елордалық ұжым тағы да Алматының стадионын жағалайтын тәрізді. 

Осы орайда бас бапкер Григорий Бабаян Vesti.kz сайтына берген сұхбатында былай дейді:

«Біз Конференциялар лигасында алаңсыз қаламыз. Себебі 24 және 31 шілдеде ойындарымыз бар. Ал мұндай ауқымды концертке дайындық кем дегенде 20 күнді алады. Бұл өте күрделі процесс: LED экрандар, акустика, басқа да техникалар. Қателеспесем, «МУЗ-ТВ» жүлдесіне дайындық үш аптаға созылған болатын. Мұнда да солай болады деп ойлаймын. Сондықтан шілде айының ортасынан бастап стадион жабылып, кем дегенде 6-7 тамызда қайта ашылады. Бұл дегеніміз – Қазақстан чемпионатындағы 2-3 ойын мен Конференциялар лигасындағы маңызды матчтан айырыламыз деген сөз. Қазір не істеу керектігін білмейміз, бұл үлкен мәселе».

Еске сала кетейік, былтыр «Астана Аренада» жөндеу жұмыстары жүргендіктен «Астана» ойындарын Алматыдағы Орталық стадионда өткізген еді. Конференциялар лигасының топтық кезеңінде 12 желтоқсанда «Астана» «Челсимен» кездесіп, қонақтар 1:3 есебімен жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама