Ол командаға жыл басында қосылғанымен, әлі бірде бір матч ойнаған жоқ
«Қызылжар» клубының жартылай қорғаушысы Мәди Жақыпбаевты Қазақстан Республикасының әскери комиссариатының қызметкерлері ұстап әкетіп, тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери комиссариатқа жеткізген.
«Әскер күтіп тұр! Бейресми ақпаратқа сәйкес, 25 жастағы «Қызыл-Жар СК» футболшысы Мәди Жақыпбаев ұсталып, әскери комиссариатқа жеткізілді», – деп хабарлады Match KZ телеграм-каналы.
Еске сала кетсек, Петропавл клубы 25 жастағы жартылай қорғаушымен жылдың басында келісімге келген болатын. Дегенмен, Жақыпбаев әзірге бірде бір матчқа қатысқан жоқ