Ол Килиан Мбаппенің атағын тартып алды
«Барселона» клубының жас вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында екі бірдей рекорд орнатты. «Барселона» мен «Интер» арасындағы жартылай финалдық ойында ол ерекше ойынымен көзге түскен болатын.
Атап айтқанда, Ямаль Чемпиондар лигасы тарихындағы жартылай финалда гол соққан ең жас ойыншы атанып отыр. Ол әлі 18-ге толмаған (17 жас 291 күн). Осылайша, Ямаль бұрынғы рекорд иесі Килиан Мбаппені (18 жас 140 күнде гол соққан) басып озды.
Сондай-ақ, Ямаль Чемпиондар лигасының бір маусымында плей-офф кезеңдерінің үш ойынында — 1/8, 1/4 және 1/2 финалдарда гол соққан алғашқы жас футболшы болып тарихта қалды.
Ламин Ямал Интерге қарсы ойында ерекше ойынымен көзге түсті:
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Барселона» өз алаңында миландық «Интер» клубын қабылдап, 3:3 есебімен тең тарқасты. Қарымта матч Италияда өтеді.