Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Хусанов «Барселонаға» ауыса ма? Футболшының агенті соңғы жауабын айтты

Редактор
02.05.2025, 09:30

Соңғы бірнеше ойында өзбек қорғаушысы алаңға шықпады

Getty Images

«Манчестер Сити» сапында ойнайтын өзбек футболшысы Абдукодир Хусановтың өзге клубқа ауысатыны туралы сыбыс бірнеше күн бұрын шыққан болатын. Бас бапкер Гвардиолаға «ұнамай қалған» қорғаушыға «Барселона» қызығушылық танытыпты деген инсайд та тараған. Осы мәселеге қатысты футболшының агенті Гайрат Хасбиуллин жауап берді.

Хусанов соңғы бірнеше ойында алаңға шыққан жоқ. Бас бапкер оны қосалқы құрамда ұстап отыр. Мұның себебін футбол сарапшылары әр түрлі болжап жүр. Бірі өзбек футболшысының тойға көп барып, бабынан шығып қалғанын айтса, өзгелері Гвардиолаға айтқан сәтсіз әзілі «түбіне жетті» дейді. Осыдан кейін Хусановты «Барселона» жалға алуға ұсыныс айтқан көрінеді.

«Маған «Барселонадан» ешкім хабарласпады. Сондықтан ешқандай ақпарат бере алмаймын, өйткені өзім де бұл жайтқа қатысты түк білмеймін. Мұның бәрі бос әңгіме», - деп мәлімдеді Хасбиуллин «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Абдукодир Хусанов «Манчестер Сити» сапына биыл қаңтарда аусыты. Ағылшын клубы оны «Ланстан» сатып алды.

Жарнама
Жарнама