Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Максим Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты (ВИДЕО)

Редактор
04.05.2025, 21:01

Қазақстандық шабуылшы жазда «Спартакқа» немесе «Динамо» сапына ауысуы мүмкін

Ахмат ФК

Футболдан Ресей Премьер-лигасының 27-турында Грозныйдың «Ахмат» клубы өз алаңында ЦСКА-ны қабылдап, мәскеуліктермен ұпай бөлісті.

Алғашқы минуттардан бастап алаңға қазақстандық шабуылшы Максим Самородов пен «өзбек Мессиі» Аббосбек Файзуллаев шықты. «Ахмат» сапынан жалғыз голды да Самородов соқты. Қарсыластар сапынан Койта мергендік танытып, есеп 1:1 болып аяқталды.

РПЛ-дің биылғы маусымында Максим өз еншісіне 20 матчта 5 гол мен 3 нәтижелі пас жазса, ал Кубоктағы 6 ойында 2 гол соққан.

«Ахмат» Самородовты «Ақтөбеден» 900 мың еуроға сатып алған. Жазда қазақстандық шабуылшыны «Спартак», «Динамо» және «Краснодар» клубтары өз құрамына қосуды көздеп отыр деген ақпарат бар.

ЦСКА 52 ұпаймен турнир кестесінде 3-орында келеді, ал Грозныйдың «Ахматы» 24 ұпаймен 13-орында тұр.

Жарнама
Жарнама