Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Бізді өлтіре берудің қажеті жоқ»: «Қайсардың» бас бапкері ашуға булықты

Редактор
04.05.2025, 21:34

Биыл қызылордалық команда легионердің бәрінен бас тартып, тек қазақ футболшыларымен ойнап жүр

QFL

Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында болған «Қайсар» мен «Астана» арасындағы матч соңы дауға ұласты. Жергілікті жанкүйерлер мен спорт журналистері аталған ойында төрешіні елордалық командаға бүйрегі бұрды деп айыптап отыр.

Төрешіні айыптауға себеп те бар. Арбитр болған Сергей Ноженко «Қайсар» қақпасына 41-минутта бір пенальти белгілесе (Джеффри Чинеду гол соға алмады), 88-минутта екінші рет 11 метрлік айып нүктесін көрсетті. Алайда, бұл жолы да астаналықтар өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Назми Грипшидің тепкен добын қақпашы қайтарды. Бірақ, төрешінің бұған көңілі толмай, Грипшиге пенальтиді басынан тепкізіп, «Астана» ақыры есепті теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

Осылайша, «Астананың» еншісінде 18 ұпай бар, олар көш бастап тұрған алматылық «Қайраттан» 2 ұпайға қалып келеді. Ал «Қайсар» 4 ұпаймен турнир кестесінің төменгі сатысында орналасқан.

Кездесуден соң «Қайсар» клубының бас бапкері Виктор Кумыков төрешілердің жұмысын сынға алып, қызылордалық ұжымды аяқтан шалуды доғаруды талап етті.

«Біздің команда қазақстандықтардан ғана жасақталғанын жақсы білесіздер. Жігіттер қосалқы құрамнан, Бірінші және Екінші лигалардан жиналған. 

Мен онсыз да жарты жылға шартты түрде шеттетілгенмін, енді тағы шеттетілетін шығармын. Бірақ үнсіз отыра беруге де болмайды. Ойынымызға төреші болып тағайындалған әрбір төреші біздің команданың сағын сындыруды абырой санайтындай. «Қызылжармен» болған алдыңғы матчта 100 пайыз қызыл қағаз болған, алайда қызыл қағаз тұрмақ, ойынды тоқтатқан жоқ. Ал бізді бірден алаңнан қуушы еді. Үнемі қайталанатын жағдай. Бізді өлтіре берудің қажеті жоқ. Командамыз енді жасақталған. Соған қарамастан төрешілер қосымша аяқтан шалады. Бір ойында үш пенальтиді қалай беруге болады?!» - деп ашуға булықты Кумыков.

Жарнама
Жарнама