Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Мұның арты жақсы болмайды»: FIFA рефериі ҚПЛ-дағы төрешілердің жұмысын сынға алды

Редактор
05.05.2025, 17:13

Бұған дейін «Жетісу», енді «Қайсар» қыспақ көрді дейді ол

Қайсар ФК

Футболдан халықаралық дәрежедегі төреші, FIFA рефериі Антолий Чернов ҚПЛ-дың 7-турындағы «Қайсар» – «Астана» матчына қатысты пікір білдірді.

4 мамырда Қызылордада өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған. Матчқа қазылық еткен Сергей Ноженко 3 пенальти белгілеп, соңғысын астаналық клубқа қайта тепкізді. Бұл өз кезегінде жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырды.  

«Виктор Кумыков өз-өзін ұстай алатын сабырлы маман. Бірақ Қазақстандағы төрешілік айтарлықтай нашарлағаны анық. Әр туры жанжалсыз, дау-дамайсыз бітпейтін болды. Футбол жанкүйерлері мұны көзбен көріп отыр. Бұған дейін төрешілер «Жетісу» клубын қасақана қысты. Ол кезде Самат Смақовқа, енді Виктор Кумыковқа қысым көрсетті. «Астана» футбол клубының бас бапкері тіпті түсініктеме беруден де бас тартты... Давид Лория мен ҚФФ президенті Марат Омаровқа тез арада талдау жасау керек. Қазылар тарапынан қателіктер өте көп. Мамандар мен жанкүйерлердің реніші орынды. Сын объективті. Бақылау жоқ. Мұны дереу тоқтату керек екеніне сенімдімін. Әйтпесе, арты жақсы болмайды», - дейді маман Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков төрешілердің жұмысын сынға алған болатын. Ал, «Астана» бапкері Бабаян мүлдем журналистердің сұрағына жауап бермей, баспасөз залын тастап шығып кетті.

Жарнама
Жарнама