Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ломтадзенің Англиядағы клубы қатарынан үш матчта жеңіліп, Чемпионшипке шыға алмады

Редактор
06.05.2025, 10:21

Kaspi bank қожайыны ағылшын клубын былтыр сатып алған

Football League World

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе иелік ететін «Уиком Уондерерс» клубы Бірінші лигада қатарынан үш матчта ұтылып, Чимпионшипке шыға алмады. 

Клуб 3 мамырда өз алаңында Стокпорт қаласының «Стокпорт Каунти» ұжымын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Бұған дейін қонақта «Лейтон Ориентке» 0:1 есебімен есе жіберсе, оның алдында қонаққа келген «Чарльтон Атлетиктен» 0:4 есебімен оңбай ұтылған. 

Осылайша, «Уиком Уондерерс» 46 матчта 84 ұпай жинап, Бірінші лигада бесінші орынға жайғасты. Егер соңғы үш матчта жеңіске жеткенде келер масуымда олар Чемпионшипте өнер көрсетер еді. 

Ломтадзенің ұжымы биылғы маусымда 24 рет жеңіске жетіп, 12 рет тең түссе, 10 ойында қарсыласына жол берген. 

Естеріңізде болса, былтыр осы уақытта Михаил Ломтадзе клубты сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Ол «Уиком Уондерерс» командасының 90% акциясына иелік етеді.

Жарнама
Жарнама