Андрей Карпович төрешілердің сапасын арттыру керегін атап өтті
«Елімай» футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович «Ақтөбемен» өткен ойыннан соң пікір білдіріп, төрешілікке көңілі толмағанын жеткізді.
«Ақтөбеге оралғаныма қуаныштымын. Бұл жерде ойнау қай кезде де ерекше сезім сыйлайды – керемет атмосфера, жанкүйерлер. Ал ойынға келер болсақ, көпшілік екі түрлі таймға куә болды. Бірінші таймда тым сақ ойнадық. Екінші таймда қарқынымызды арттырдық, өзгерістер енгіздік, тактиканы өзгертіп, кейбір сәттерде қарсыластан басым болдық.
Бірақ бір нәрсеге ерекше назар аударғым келеді. Төрешілер жұмысына көңілім толмады. Нәтижеге тікелей әсер еткен екі голдық сәт болды. Біріншісі – Қасым соққан айып добына дейін ереже бұзушылды. Қарап көрсеңіздер болады. Футболды білетін адам мұны анық көреді. Бірақ төреші оны елемеді. Екінші сәт – Қасымға қарсы айқын пенальти. Мұндай жағдайлар футболымыздың имиджіне кері әсер етеді. Бұл жайт ойын нәтижесіне ықпал етті. Меніңше, соңғы матчтарда Әлібек екі пенальтиге лайық ойын көрсетті. Бұл – менің жеке пікірім.
Сондықтан төрешіліктің сапасына назар аударғым келеді», – деді Карпович матчтан кейін.