Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Шымкентте бір жыл бұрын капсуласы салынған стадионның құрылысы әлі басталмаған ба?

Редактор
17.05.2025, 13:50

Спорттық нысанның қашан аяқталатыны белгісіз

Шымкент қалалық әкімдігі

Былтыр Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі капсуласын салған жаңа стадионның құрылысы әлі басталмапты. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеген. Дәлел ретінде ол жергілікті тұрғынның түсірген видеосын жариялады.

Видео авторы стадионның орны әлі күнге дейін қаңырап бос жатқанын айтады. Мұнда құрылыс жұмыстарының белгісі жоқ, техника түгілі құрылысшы адамдарды да таппайсың. Ал, қоршаудың сыртына жабысытырылған стадион плакаттары алынып тасталыпты.

«Бірінші бол» редакциясы аталған жайттың мән-жайын білу үшін Шымкент қалалық әкімдігіне сауал жолдайды.

Еске салайық, Шымкенттегі жаңа стадионның капсуласы былтыр маусым айының соңында салынған. Салтанатты шараға Ғабит Сыздықбековтен бөлек «Ордабасы» ФК-ның сол кездегі капитаны Асхат Тағыберген мен клуб президенті Асхат Сейсембек те қатысты.

Жаңа стадион 35 мың орынға шақталған. Қаланың «Тұран-2» шағын ауданында орналасады. 

Жарнама
Жарнама