Түркістандағы күшті желден «Ордабасы» футболшылары Қостанайға ұша алмай жатыр

Редактор
18.05.2025, 11:14

Қос команда да чемпиондықтан үмітті

Шымкент қалалық әкімдігі

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде құмды жел тұрып, тұрғындардың жүріп-тұруын қиындатып жіберді. Сондай-ақ, электр желілерінде бірнеше апат болып, әуе рейстері кейінге шегерілген.

Қолайсыз ауа-райы салдарынан шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары да Қостанайға ұша алмай отыр. Бүгін 18:00 ҚПЛ-дың кезекті туры аясында «Ордабасы» жергілікті «Тобылмен» кездесуі тиіс.

«Қазіргі уақытта клуб пен әуе компания тарапынан ресми құжаттар күтілуде. Қосымша ақпарат пен нақты шешім қабылданғаннан кейін ресми түрде хабарлаймыз», - делінген Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының хабарламасында.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде «Тобыл» төртінші орында тұрса, «Ордабасы» оны өкшелеп келеді – бесінші сатыда тұр.