Эрлинг Холанд пен Фил Фоден арзандап кетті
Transfermarkt.com порталы АПЛ ойыншыларының нарықтық құнын жаңартты. Портал мәліметінше, «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдукодир Хусановтың бағасы 35 миллион еуро деңгейінде сақталды. Айта кетейік, жуырда өзбекстандық футболшы үйлену тойын атап өткен болатын. Ол туған жері Ташкентке келіп, ұлан-асыр той жасаған.
АПЛ-де күрт қымбаттаған футболшы — «Ньюкасл» шабуылшысы Александр Исак. Оның бағасы 20 миллион еуроға өсіп, 120 миллион еуроға жетті.
Құны күрт өскен өзге ойыншылар:
Ең көп арзандаған ойыншы — «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден: 30 миллион еуроға төмендеп, қазіргі бағасы 100 млн еуроны құрап отыр. Оның командаласы Эрлинг Холанд та 20 миллионға арзандап, әлемдегі ең қымбат ойыншы атағынан айрылды (қазір 180 млн еуро).
Бағасы түскен өзге де жұлдыздар: