Қазақстан Премьер-лигасының екі клубы алғашқы 200-дікке енді
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2025/2026 маусымындағы клубтардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Рейтингтің көшін дәстүрлі түрде Мадридтің «Реалы» бастаса, Қазақстан Премьер-лигасының екі клубы алғашқы 200-дікке енді.
Ең жоғары нәтиже елордалық «Астана» командасына тиесілі. Команда 12.000 рейтингтік ұпай жинап, 134-орынға орналасты. Екінші болып Қостанайдың «Тобылы» тіркелді. Оның қоржынында 8.000 ұпай бар және бұл көрсеткіш клубты 183-сатыға көтерді.
Ал қалған қазақстандық клубтар ТОП-200-ден тыс қалды:
«Қайрат» — 268-орын (5.500 ұпай),
«Ордабасы» — 306-орын (3.600 ұпай),
«Ақтөбе» — 352-орын (3.000 ұпай).
Айта кетерлігі, Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген қарағандылық «Шахтер» 376-орынмен (2.500 ұпай) Премьер-лиганың кейбір командаларынан озық тұр. Атап айтқанда, ол «Қызылжар» (387-орын, 2.225 ұпай) мен «Қайсарды» (388-орын, 2.225 ұпай) басып озды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025/2026 маусымында еурокубок бәсекелерінде Қазақстан атынан мына клубтар өнер көрсетеді:
«Қайрат» — Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі,
«Ақтөбе» — Еуропа лигасының іріктеу кезеңі,
«Астана» және «Ордабасы» — Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі.