«Ордабасының» бапкерлер құрамы украиналық маманмен толықты

Редактор
14.01.2024, 11:53

Шымкенттік команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр

Ақсу ФК

Украиналық бапкер Виктор Ульяницкий шымкенттік «Ордабасының» бапкерлер құрамына келді деп жазады Meta-ratings.kz.

Бұған дейін ол павлодарлық «Ақсудың» бас бапкері Руслан Костышинге көмектескен. Сондай-ақ, «Таразда» жұмыс істеп, «Алтайдың» (ШҚО) спорттық директоры болған.

Ал, жас кезінде Ульяницкий «Борисполь», ЦСКА (Киев), «Нефтехимик» (Ресей), «Ақжайық» (Орал) клубтарының сапында ойнаған.

Еске салайық, Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Команда биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.