Месси биыл сегізінші «Алтын добын» алады – дереккөз

Редактор
16.10.2023, 08:56

«Алтын допты» табыстау рәсімі 30 қазанда өтеді

Фото ашық дереккөзден

36 жастағы аргентиналық футболшы Лионель Месси 2022/2023 маусымның «Алтын добын» алады деген қауесет тарады. 

BOLASPORT мәлімдеуінше, бұл ақпарат футболшының өзіне 13 қазан күні хабарланған. Енді ол трофейді салтанатты табыстау шарасын күтіп отыр деп жазады Sport24.

Айта кетейік, биыл аргентиналық шабуылшы Париждің ПСЖ клубынан Майамидің «Интеріне» ауысты. Өткен маусымда ол барлығы 53 матч өткізіп, 32 гол соққан, 25 нәтижелі пас берген.

2022 жылы Леонель Месси Аргентина ұлттық құрамасымен әлем чемпионатын жеңіп алды.

«Алтын доп» биыл 30 қазанда Парижде табысталады. Месси бұған дейін бұл трофейді жеті рет жеңіп алған. Оның басты қарсыласы Криштиану Роналду болса бес рет «Алтын доп» алған.