Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында елордада Солтүстік Македониямен ойнады.
Матч 0:1 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Бірінші таймда қорғаушылардың өзара түсініспеушілігі жоқ жерден қателікке ұрындырды. Қонақтар сапынан Александар Трайковски сол қателікті тиімді пайдаланып, есеп ашты.
Бұдан кейін Солтүстік Македония тек қорғаныста ойнауға тырысты. Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Дастан Сәтпаевтардың соққысы біресе қақпа бағанынан, біресе қақпа жақтауына тиіп кері серпілді. Осылайша Қазақстан ойыншыларының мүлдем жолы болмады. Бірінші таймдағы жалғыз гол матч соңына дейін сақталып қалды.
Осы жеңістің арқасында Солтүстік Македония сегіз ұпай жинап, төрт ойыннан кейін топта әзірге бірінші орында тұр. Қазақстан құрамасының еншісінде үш ойыннан кейін үш қана ұпай бар.
J тобының қазіргі жағдайы мынадай: