Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфиновтың анасы өмірден өтті

Редактор
12.06.2025, 13:04

Талғат Маруанұлы ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчын 1992 жылғы 1 маусымда өткізген

ҰОК

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфиновтың анасы өмірден өтті.

Қаралы хабарды футбол маманының әріптестері жеткізді.

Талғат Маруанұлы Павлодар футболының түлегі. Павлодар клубының сапында барлығы 180 матч өткізіп, 26 гол соққан (соның ішінде Қазақстан чемпионатында 110 ойында 17 гол). Бұдан бөлек «Металлург», «Еңбек», «Жетісу», «Маңғыстау», «Экибастузец», «Восток» секілді клубтардың намысын қорғаған.

Ал ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчын 1992 жылғы 1 маусымда өткізген.

Кейіннен бапкерлікке бет бұрса, 2016 жылы алғаш рет Қазақстан тізгінін қолына алды. Бұл қызметті ол бір жыл атқарды. Сонан соң 2020 жылы ұлттық құраманың бас бапкері болып қайта тағайындалып, 2022 жылы жұмыстан кетті.