«Жетісу» Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Қайратпен» кездесті
«Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Қайратпен» өткен (2:2) кездесуден соң пікір білдірді.
«Ойын алдында жігіттерге «Қайраттың» қашан және қалай гол соғуы мүмкін екенін нақты түсіндіріп айттым. Біріншіден, жеке шеберлігі жоғары ойыншылары бар бұл командаға кеңістікті беруге болмайды. Екіншіден, қорғаушыларға артқа қарай берілетін пастарды сақ болуды тапсырдым. Үшіншіден, қорғаныста қателікке жол бермеуді сұрадым. Ал бүгін біз осы ескертілген қателіктердің салдарынан гол жіберіп алдық. Бірінші гол ешқандай логикаға сыймайды - бұл қақпашының қатесі. Мен әдетте жеке ойыншыны кінәламаймын, бірақ бұл жолы дәл осы қателік матч тағдырына әсер етті.
Соған қарамастан, жігіттерге алғысымды білдіремін, олар қиын ойынға шыдап берді. Иә, «Қайраттың» басымдығы болды, оларда мүмкіндіктер көп болды. Егер біз сол қателіктерге жол бермегенде, есеп мүлде басқаша болар еді», - деді Смақов.