Бұған дейін Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» клубы қызығушылық танытты деген ақпарат тараған болатын
Қазақстан құрамасы мен «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов Мадридтің «Реал» командасының ойыншысы атануы мүмкін. Бұл туралы A Bila Sports жазды.
Зайнутдинов Мадридтің «Реалына» ауысуы ықтимал. «Бешикташ» клубы мадридтік командаға 25 жастағы сол қаптал қорғаушысы Фран Гарсияны сату туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отыр және бұл келісімге Қазақстан құрамасының 27 жастағы вингерін (Зайнутдиновті – авт.) қосқысы келеді.
Айта кетейік, өткен маусымда Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, «қырандардың» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер ойыншымен қоштасуға дайын екені туралы хабарланған еді.