Георгий Жуков «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Редактор
20.06.2025, 17:17

Жуков Қазақстан ұлттық құрамасында 20-дан астам матч өткізіп үлгерген

instagram.com/fcaktobe_official

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ресми түрде «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ақтөбе» футбол клубы жаңа ойыншымен толықты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков клубпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Жуков тәжірибелі, әмбебап ойыншы ретінде Вячеслав Левчуктың командасында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

Жуковтың алаңдағы салқынқанды ойыны мен пас беру мәдениеті «Ақтөбенің» ортаңғы шебін күшейтеді деп үміттенеміз», - делінген мәліметте.

Жуков соңғы жылдары «Қайрат», «Висла» Краков, «Цанчжоу Майти Лайонс» және польшалық «Пуща» командаларында ойнады.

Сондай-ақ Жуков Қазақстан ұлттық құрамасында 20-дан астам матч өткізіп үлгерген.

Ал «Ақтөбе» Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында 26 ұпаймен үшінші орында келе жатыр.