«Атырау» футбол клубы бір күнде үш бірдей бапкермен қош айтысты

Редактор
Бүгін, 10:04

Клуб жаңа бас бапкердің есімін алдағы күндері жариялайтынын мәлімдеді

instagram.com/fc_atyrau

«Атырау» футбол клубында кадрлық өзгерістер: бас бапкер Денис Мамонов, бас бапкердің көмекшісі Руслан Жангиров және физикалық дайындық жаттықтырушысы Сергей Клинков командадан кетті.

Үшеуі де клубпен екіжақты келісім бойынша қош айтысқан. Клуб менеджері Дидар Садықбек мамандарға атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді:

«Атқарған жұмысы үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Ешқандай кінә артпаймыз - тек құрмет. Команданы жасақтаған олар емес, басқа адамдар, ал бұл жігіттер өздеріне артылған міндетті бар күшін салып атқарды. Амал қанша – бұл футбол».

Қазіргі таңда уақытша бас бапкер міндетін атқарушы болып Нұрғазы Хайруллин тағайындалды.

Клуб жаңа бас бапкердің есімін алдағы күндері жариялайтынын хабарлады.