Допингке байланысты басы дауға қалған Погбаның қай клубқа ауысқаны белгілі болды

26.06.2025, 22:56

Наурызда Поль Погбаның мачтардан шеттетілу мерзімі ресми түрде аяқталды

Getty Images

Француз жартылай қорғаушысы Поль Погба 2027 жылға дейін «Монако» клубымен келісімшартқа қол қояды.

Футбол инсайдері Фабрицио Романо келісімнің барлық негізгі шарттары келісіліп қойылғанын, тараптар 2027 жылдың маусымына дейінгі мерзімге келісімге келгенін жазды.

Алдағы сағаттарда келісімшарт заңгерлік тексерістен өтеді, содан кейін Поль Погба медициналық тексерістен өту үшін Монакоға аттанады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 10 наурызында француз жартылай қорғаушысы Поль Погбаның мачтардан шеттетілу мерзімі ресми түрде аяқталды. 2023 жылдың тамызында А сериясындағы «Удинезе» командасына қарсы ойында ол допинг сынамасын тапсырған еді. Кейінірек оның ағзасынан тестостерон деңгейінің жоғары екені анықталған.

Поль Погба 2023 жылдың қыркүйегінде мансабында үзіліс алды. Бастапқыда ол 4 жылға шеттетілген болатын, бірақ 2024 жылдың қазанында Спорттық арбитраж соты (CAS) бұл мерзімді 18 айға қысқартты. Сонымен қатар CAS оған салынған 5000 еуро көлеміндегі айыппұлды да алып тастады.

Материалда: