«Тұранға» жаңа ойыншылар мен бапкер келді

Редактор
27.06.2025, 22:31

Түркістан ұжымы жаңа бас бапкері мен бірқатар ойыншысын таныстырды.

“Тұран” фк баспасөз қызметі

«Тұран» футбол клубы ҚПЛ-ның екінші жартысын жаңа құраммын жалғастырмақ. 

Түркістан ұжымы жаңа бас бапкері мен бірқатар ойыншысын таныстырды. Клуб тізгінін Әбдіхалық Бөрібев алды. Ол бұған дейін ұжымда сәтті жұмыс істеп, команданы Бірінші лигада жеңіске жетелеп, Премьер-лигаға шығарған. Сондай-ақ бас бапкердің көмекші болып Артур Авакянц бекітілсе, дене даярлығы бойынша Қолдас Ешджанов жауапты. Қақпашылар бапкері қызметін Ламаев Мейрали атқарады.

Бапкерлер штабынан бөлек сапқа бірнеше жаңа футболшы қосылған. Олардың қатарында Рахат Үсіпханов, Мейрам Сапанов, Шадман Бакиров, Асылжан Аббас, Ерболат Құралбаев, Дінмұхаммед Серікұлы мен Роман Чирков бар.

Рахат бұған дейін де «Тұран» сапында ойнаған.
Ал Мейрам Сапанов бұған дейін «Ақжайық», «Ордабасы», «Қайсар», «Каспий», «Қыран», «Шахтёр» (Қарағанды), «Жетісу», «Ұлытау» және «Атырау» командаларында өнер көрсеткен. 

Қазақстан Премьер-лигасында 400-ден астам матч өткізсе, солардың ішінде 200-і – Премьер-лига, оның ішінде соңғысы «Атырау» сапында.
2025 жылғы маусымда «Атырау» командасымен 10 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Ал жартылай қорғаушы Асылжан Аббас пен шабуылшы Димаш Тұран – «Тұранның» төл тәрбиеленушілері.

«Қайрат» академиясының түлегі Шадман Бакиров «Ордабасы», «Тұран», «Академия Оңтүстік», «СД Фэмили», «Екібастұз» командаларында доп тепкен. Бірінші лигада 41 матч өткізіп, 15 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Биылғы маусымды «Екібастұз» сапында бастап, 10 матчта 4 голмен көзге түсті.

Тәжірибелі сол қаптал қорғаушысы Ерболат Құралбаев ұжымға «Арыс» командасынан ауысса, Роман Чирков кәсіби мансабын 2021 жылы «Қайрат-Жастар» клубында бастап, Бірінші лигадағы дебютін «Игілікке» қарсы ойында жасады. 2022 жылы «Оқжетпес» командасының қақпасына алғашқы голын соқты.

2023 жылдың ақпанында «Ақжайық» клубына жалға ауысып, кейін 2024 жылдың басында клуб ойыншысы атанды.

2025 жылдың 21 ақпанында «Атырау» клубымен келісімшартқа қол қойды. «Мұнайшылар» сапында 13 ойын өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.

Материалда: