Идрис – команданың маңызды ойыншыларының бірі
Ақтөбелік команданың ресейлік шабуылшысы Еуропаға визаны рәсімдей алмай отыр.
«Ақтөбе» клубының шабуылшысы Идрис Умаевқа Польшаға кіруге рұқсат берілмеген.
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы матч 17 шілде күні Варшавада өтуі тиіс.
Идрис – команданың маңызды ойыншыларының бірі. Ол биылғы маусымда ҚПЛ-да 8 матчта 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас авторы атанды.
Айта кетейік, Умаев бұған дейін Қазақстан азаматтығын да алғысы келген еді. Бірақ бұл мәселеге қатысты мәселенің қалай шешілгені әзірге белгісіз.
«Ақтөбе» клубы Идрис Варшаваға сапарға қажетті құжаттарды рәсімдеп үлгереді деген үмітте.