Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болды

Редактор
11.07.2025, 15:40

Ал Талғат Қосмұхамбетов вице-президент қызметіне ауысады

ҚФФ

Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды.

2023-2024 жылдары Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығы президентінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жетекшілік етті. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.

«Нұрсұлтан Құрман спорт саласында көпжылдық тәжірибеге ие. Ол Қазақстанның футбол және футзал чемпионаттарын ақпараттық жағынан тұрақты түрде қамтып, бірқатар арнайы медиа-жобаларды әзірлеу мен дамытуға қатысқан. Сондай-ақ ұлттық деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыруға және бұқаралық футболды дамыту бастамаларын жүзеге асыруға белсене атсалысқан. Нұрсұлтан Құрман жетекшілік ететін кезеңде Қауымдастық футзалдың институционалдық дамуын күшейтуді, турнирлердің географиясын кеңейтуді, өңірлік деңгейдегі қатысушылардың белсенділігін арттыруды және жарыстарды сапалы медиа сүйемелдеумен қамтамасыз етуді көздеп отыр», – делінген ҚФФ ақпаратында.

Ал бұған дейінгі президент Талғат Қосмұхамбетов Қазақстан футзал қауымдастығы вице-президенті қызметіне ауысады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама