Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Уимблдоннан кейін қазақстандық теннисшілер рейтингте құлдырады

Редактор
14.07.2025, 10:03

Александр Бублик үш саты төмендеп, 34-орынға түсті

Clive Brunskill / Getty Images

Уимблдон-2025 турнирінен кейін кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингі жарияланды.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын турнир жеңімпазы, италиялық Янник Синнер сақтап қалды. Екінші орынға финалда Синнерге есе жіберген испандық Карлос Алькарас жайғасты. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеп тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдонның алғашқы айналымында күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалып, үш саты төмендеп, 34-орынға түсті. Еске сала кетейік, ол бірінші айналымда испандық Хауме Муньярға жол берген болатын. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко да үш саты төмен сырғып, 101-орынға орналасып отыр.

Шевченко да алғашқы айналымда америкалық Райли Опелкаға есе жіберіп, турнирді ерте аяқтады. Ал Михаил Кукушкин сегіз орынға төмендеп, 197-сатыға түсіп қалды.

Жұптық разрядта көш басында сальвадорлық Марсело Аревало мен хорват Мате Павич тұр. Үшінші орынға британдық Ллойд Глэсспул көтерілді.

Қазақстандық Александр Недовесов екі саты жоғарылап, қазіргі уақытта 122-орынды иеленіп отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама