Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жанкүйерлердің сын садағына ілінген Серікжан Мұжықов «Елімайдан» кетіп тынды

Редактор
16.07.2025, 00:43

«Елімайға» биыл ақпан айында ауысып келді.

ФОТО: "Елімай" фк

Семейдің «Елімай» клубы 36 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықовтың клубтан кеткенін хабарлады.

«Елімай» клубының Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков екіжақты келісім негізінде қоштасу туралы шешім қабылдаған:

«Қазақстан құрамасының футболшысы, жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов «Елімайдағы» мансабын екіжақты келісіммен аяқтады. Ол семейлік клуб сапында 12 ресми кездесуде алаңға шықты», - делінген клуб хабарламасында.

Серікжан Мұжықов кәсіби мансабын Талдықорғанның «Жетісу» клубында бастаған. Кейін ол «Қайсар», «Астана» және «Тобыл» командаларында өнер көрсетті. «Елімайға» биыл ақпан айында ауысып келді.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 374 матчқа қатысып, 42 гол соқты және 48 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, «Елімайдың» капитандық міндетін атқарып жүрген футболшыға жанкүйерлер тарапынан көп сын айтыла бастаған болатын. әсіресе, соңғы матчтарда ойыны көпшіліктің көңілінен шықпады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: