Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бибісара Асаубаева мен Трент: Лас-Вегастағы тосын кездесу

Редактор
17.07.2025, 14:15

Шахматшы қыз «Реал» жұлдызымен түскен суретін жариялады

әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева Лас-Вегаста мадридтік «Реал» мен Англия құрамасының қорғаушысы Трент Александер-Арнольдпен кездесіп қалды.

Спортшы Instagram желісінде жұлдызды футболшымен түскен суретін жариялады.

«Лас-Вегаста бөлмеге бара жатып жұлдызбен кездесуге болады», — деп жазды Бибісара Асаубаева.

Бибісара Асаубаева қазіргі таңда 16–20 шілде аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ірі халықаралық шахмат турниріне қатысып жатыр.

Ұйымдастырушылардың Instagram желісінде Бибісара Асаубаева атақты Магнус Карлсенмен шахмат ойнап отырған видеосы пайда болды. Дегенмен шахматшы қыз норвегиялық қарсыласына есе жіберген. Әзірге Бибісара жеті кездесу өткізіп, соның біреуін тең аяқтаса, алтауында жеңіліс тапты, тиісінше еншісінде 0,5 ұпай бар.

Ал Трент Александер-Арнольд жақында ғана «Реал Мадрид» сапында клубтар арасындағы тұңғыш әлем чемпионатына қатысып, командасы жартылай финалда Францияның ПСЖ клубынан 0:4 есебімен жеңіліп қалған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама