Поляк жанкүйерлері «Легияның» ойынына көңілі толмады
Кеше «Легия» Варшавада «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңіп, Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті. Алайда бұл жеңістің өзі поляк жанкүйерлерінің көңіліне медеу бола алмаған тәрізді. Бұған әлеуметтік желілердегі жанкүйерлердің пікірлері дәлел.
Көпшілік «Ақтөбемен» өткен матчты мазаққа айналдырған. Жанкүйерлер қос клубты «аула командаларына» теңеп, қазақстандық ұжымға қатысты да ауыр сөздер айтқан:
«Легия» Швеция немесе Германияның әйелдер құрамаларын жеңе алар ма еді? Бүгін солармен бір деңгейде ойнаған секілді»;
«Бақ шапты, бап шапты ма, әлде қазақтың қойшыларын тең ойнауға мәжбүр етті ме, түсініксіз. Сөйте тұра «Легия» мықты клубты жеңгендей мәз. Осы жерде «Видзев» болса, «Ақтөбені» екі матчта 6:0 есебімен ұтар еді»;
«Қарсыластың деңгейі керемет екен, «кәсіпқойлар», браво!»;
«Бізді қазақтардың шабуылында қасқыр емес, ешкі жүргені құтқарды. Кешіріңіздер, бірақ шындық осы»;
«Қарсылас мықты екен, ғажайыптың арқасында келесі кезеңге өттік»;
«Қазақтар поляк тілінде айқайлай бастағанда, тіпті олардың жанкүйерлерінің дайындығы «Легия» ойыншыларынан мықтырақ екенін түсіндім»;
«Ойын өте қызықты өтті: артта – нөл, алда – экшн. Маусымның үздік матчы»;
«Бұл плей-оффтағы алғашқы әрі соңғы матч секілді. Ұят!»;
«Легияның» арқасында Польша футболының деңгейі айқын көрінді: бұл –үлкен трагедия»;
«Қазақтардың ойыны нөл ғой. Мүлде қарсылық көрсеткен жоқ»;
«Матчты көріп отырып, «Ақтөбе» гол соғатын шығар деп ойлағанмын. Абырой болғанда, «Легия» соғып кетті. Бұл – нағыз азап»;
«Легия» жылдан-жылға әлсіреп келеді. Жуков секілді Польшада өзін көрсете алмаған ойыншы көшбасшыға айналды».
«Қазақтардың мықты шабуылшысы болмағаны жақсы болды. Әйтпесе 0:2 болуы мүмкін еді»;
«Қазақстандағы ойында тезірек ұшып кетсек екен деп тұрғандай көріндік».
Кейбір жанкүйерлер алдағы «Баникпен» кездесу ауыр соғатынын айтып жатыр.
«Бұрын Польша клубтары Қазақстан командаларынан сәл ғана әлсіз еді, қазір бәрі керісінше»;
«Көктемде әлем чемпионын өз алаңында жеңген команда үшін бұл – тым нашар көрсеткіш»;
«Көрудің өзі қиын матч … Қазақтар ойынды бақылағандай көрінді, ал біз тып-тыныш отырдық»;
«Қазақтар ертең соғысқа баратындай жүгірді, біздікілер демалыста жүргендей көрінді»;
«Ақтөбеде осылай қиналсақ, Остраведа бізді көміп тастайды»;
«Екі ойында да сенімділік байқалмады. Қарсылас «Челси» емес, «Ақтөбе» ғой».