Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Бірге-бір шығасың ба?»: Асхат Тағыберген Ақтөбе жанкүйерлеріне қатысты пікір білдірді

Редактор
22.07.2025, 12:43

Тағыберген Ақтөбе жанкүйерлеріне алғыс айтты

ҚФФ

«Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы, Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген желіде тараған бейнежазбадан кейін Ақтөбе жанкүйерлеріне қатысты пікір білдірді.

ҚПЛ-дың 17-турында «Тобыл» «Ақтөбеге» қонаққа барып, кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған соң, жергілікті жанкүйерлер матч соңында түрлі сөздер айтқан. Бұл Асхат Тағыбергеннің шамына тиеп кетті. Ашуға бой алдырған аяқдоп шебері жанкүйерді «Бірге-бір келші, келе алмайсың ғой» деді. Осы сәттің видеосы желіде тарап, оқырман арасында қызу талқыға түсті.

Матч аяқталғаннан кейін Тағыберген Ақтөбе жанкүйерлеріне үн қатып, бір-бірімізге мейірімді болуға шақырды.

«Басқа қалалардың жанкүйерлері ренжімесін, бірақ менің ойымша, Ақтөбенің жанкүйерлері – Қазақстандағы нөмірі бірінші. Олардың жанкүйерлігі – бөлек дәстүр. Бұл стадионда ойнаудың өзі мен үшін ерекше сезім. Айқайлайтындар да, қолдайтындар да бар. Қолдау білдіргендер үшін алаңды айналып өтіп, алғысымды білдірдім. Оған дейін не болды – маңызды емес. Алла Тағала да «кешірімді болыңдар» деген. Бір-бірімізге мейірімді болайық. Сонда бәрі жақсы болады», – деп түйіндеді Асхат Тағыберген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама