Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«127 млн теңге». «Қызылжар» клубының бухгалтері өзіне сыйақы жазып алып отырған

Редактор
25.07.2025, 09:53

Клубтың 62 жастағы есепшісі Григорий Лориямен келісіп, қаржылық алаяқтықпен айналысқан

"Қызылжар" клубының баспасөз қызметі

Петропавл қаласында «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы есепшісі Ольга Замелацкаяға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы Orda.kz сайты жазды.

62 жастағы Замелацкая бүгінде зейнеткер. Ол сот отырысында түрін фотоға түсіруге тыйым салды. «Қызылжар» клубында 2006 жылдан бері жұмыс істеген. Ал 2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап бас есепші қызметіне тағайындалған. Айыптаушы тараптың мәліметінше, осы кезден бастап ол клубтың бұрынғы президенті Григорий Лориямен келісіп, қаржылық алаяқтықпен айналысқан.

Айыптау нұсқасы бойынша, тексеріс барысында заңбұзушылықтарды жасыруға тырысқан. Оның ішінде жалған келісімшарттар, ойыншылармен қосымша келісімдер, жалған сыйақы тізімдері болған.

Айыптаушы прокурор Әлия Мұратованың айтуынша:

«Замелацкая 2023 жылы Григорий Лориямен келісіп, әкімші Виктор Ставскийге көлемді қаржы аударып отырған. Ставский командамен бірге шетелдік оқу-жаттығу жиындарына және ел ішіндегі турнирлерге қатысқан. Сол кезде клуб шотынан оның жеке шотына ақша аударып отырған. Ставский кейін аванстық есептер жасап, оларды бухгалтерияға тапсырған. 2023 жылдың ішінде Ставскийге барлығы 43 млн 188 мың теңге аударылған».

Кейін оған тағы 10 млн теңге аударылып, ол қаражатты қолма-қол ақшалай шешіп алып, клуб президентіне берген. Сонымен қатар, сот отырысында белгілі болғандай, бас есепші жалған бұйрық жасап, сол арқылы өзіне және екінші есепші Цветковаға команданың жеңістері мен тең ойындары үшін сыйақы тағайындаған. Алайда ресми құжаттар бойынша бұл сыйақылар тек ойыншыларға ғана төленуі тиіс болған. Осылайша клубтың бухгалтериясы футболшылардың жетістіктері үшін 4 миллион теңгеден астам қаржыны өздеріне аударып алған.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, жалпы алғанда 2023 жылы клуб бюджеті есебінен «Қызылжардан» 127 млн 725 мың теңге заңсыз бағытта жұмсалған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама