Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Андрей Аршавин: Қазақстан әлем чемпионатына 100 құрама қатысқанда ғана жолдама алады

Редактор
26.07.2025, 12:29

Бұл сөз қазақстандық футбол жанкүйерлері арасында қызу пікір-талас тудырды

Фото:gov.kz

Алматының «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы әрі Ресей құрамасының экс-капитаны Андрей Аршавин Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына шығу мүмкіндігіне қатысты ащы пікір білдірді.

Qsport арасының тілшісі футболшыға: «Қазақстан құрамасы қашан әлем чемпионатына қатыса алады?» деген сұрақ қойған. Аршавин сарказммен жауап берген.

«Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар саны 100-ге жеткен кезде ғана мүмкіндігі пайда болады», – деді ол.

Бұл сөз қазақстандық футбол жанкүйерлері арасында қызу пікір-талас тудырды. Көпшілік Аршавиннің бұл пікірін Қазақстан құрамасына құрметсіздік деп қабылдады.

 Айта кетейік, Аршавин өзі кезінде «Қайрат» сапында Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Ол 2016-2018 жылдар аралығында «Қайрат» сапында 98 матч өткізіп, 28 гол соқты және 34 нәтижелі пас берген.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде G тобында өнер көрсетуде. Әли Әлиев шәкірттері үш матчтан кейін 3 ұпай жинаған. Соңғы ойында Астана қаласында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама