Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қайрат» Чемпиондар лигасында керемет камбэк жасады

Редактор
29.07.2025, 22:05

«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Финляндияның КуПС командасымен кездесті.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Кездесуді Болгария елінен келген төреші Радослав Гидженов бастаған қазылар алқасы басқарды. 
Командалардың бастапқы құрамы мынадай болды:

«Қайрат»: Заруцкий, Мата, Мартынович, Сорокин, Тапалов, Арад, Касабулат, Громыко, Жоржиньо, Сәтпаев, Эдмилсон.

КуПС: Хакала, Хямяляйнен, Миеттинен, Сиссе, Саволайнен, Арифи, Оксанен, Руоппи, Пеннанен, Луйейе-Лутумба, Туре.

Алматылықтар алғашқы минуттардан-ақ шабуылға кірісті. 9-минутта Дастан Сәтпаев алыстан бағыттаған зымырандай соққысымен есеп ашты. Ойын иелері шабуылдарын жалғастырып, 29-минутта Жоржиньо допты қақпа торына кіргізіп, есепті еселей түсті. Ал бірінші таймның соңына қарай Валерий Громыко айып алаңы маңында керемет соққы жасап, үшінші голды салды - 3:0.

Екінші таймда финляндиялық клуб ойын тізгінін теңестіруге тырысып, Александр Заруцкийдің қақпасына бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Алайда есеп өзгермеді.
Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтіп, еурокубоктардың топтық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — КуПС (Куопио, Финляндия) — 3:0 (3:0)

Голдар: Сәтпаев, 9 (1:0).Жоржиньо, 29(2:0). Громыко, 43 (3:0).

Алаңнан қуылды: Зария, 45.

Бірінші ойын: 0:2 («Қайрат» жеңілген).

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама