Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы матч өткізеді

Редактор
30.07.2025, 14:16

Екі кездесу де Ташкент қаласында өтеді

instagram.com/kff_team

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы жастар құрамалары арасында екі жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстанның U-21 құрамалары арасындағы екі кездесу де Ташкент қаласында өтеді. Матчтар 12 және 14 қазан күндеріне жоспарланған.

Осы ойындарға дейін Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андорраға қарсы матч өткізеді. Бұл кездесу 9 қазанда өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра жастар құрамалары.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама