«Тараз» командасы Бақтиер Зайнутдиновтың арқасында 63 млн теңге табыс тапты

Редактор
20.01.2024, 12:37

«Астана» да қомақты қаражатқа ие болады

Instagram/bateka_11

Бақтиер Зайнутдиновтың ЦСКА футбол клубынан «Бешикташқа» ауысуынан кейін тараздық команда 63 миллион теңге табыс тапты деп хабарлайды спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен.

Есте болса, 2023 жылдың тамызында Зайнутдинов стамбұлдық клубқа 4,5 миллион еуроға сатылған болатын. ФИФА ережесіне сәйкес, трансфер жасалғанда футболшыны 12-23 жас аралығында тәрбиелеген клуб сыйақы алуға құқылы.

Сонымен қатар, «Астана» мен «Ростов» футбол клубтары Зайнутдиновтың трансфері үшін 105 миллион теңгені өзара бөліп алады.