Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан мен Италия Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады

Редактор
01.08.2025, 15:11

Алғашқы ойын 18 қыркүйек күні Италияның Фазано қаласында өтеді

instagram.com/kff_team_futsal

Қазақстан футзал құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің шешуші кезеңінде Италиямен плей-оффта кездеседі. Екі матчтан тұратын бұл қарсылықта кім жеңсе – сол біріншілікке жолдама алады.

Алғашқы ойын 18 қыркүйек күні Италияның Фазано қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады. Қос құрама PalaSport спорт кешенінде кездеседі.

Жауапты матч 23 қыркүйек күні Астанада өтпек. Ойын Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Кездесу сағат 19:30-да басталады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінде өз тобында 10 ұпаймен екінші орынды иеленген болатын. Бірінші орын 16 ұпай иеленген Армения құрамасына бұйырды. Футзалдан Еуро-2026 турнирінің финалдық кезеңі 2026 жылғы 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтеді. Доданы бірден үш ел қабылдайды: Словения, Латвия және Литва.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама