Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қызылжар» жанкүйерлері бас бапкердің отставкаға кетуін талап етіп отыр

Редактор
03.08.2025, 15:28

Оған клубтың қарызы мен дау-дамай себеп.

"Қызылжар" клубының баспасөз қызметі

Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы жанжалдың ортасында қалды: жанкүйерлер клуб директоры Николай Паниннің отставкаға кетуін талап етуде.

Match KZ Telegram-арнасының мәліметінше, оларды мазалайтын мәселе көп. Соның ішінде ойыншы мен бапкер арасындағы төбелес, футболшылардың жаттығуларға бойкот жариялауы, клубтың ірі көлемдегі қарыздары мен қызметкерлерге жалақының кешіктірілуі бар. Сондай-ақ жанкүйерлер футбол орталығындағы кемшіліктерді, командадағы тәртіптің жоқтығын, Дарко Зоричтің ұжымнан даулы жағдайда кетуін және негізгі құрам нәтижелерінің тым төмендеп кетуін алға тартып отыр.

Соңғы 12 матчта «Қызылжар» бір рет қана жеңіске жеткен. Алайда, жанкүйерлер пікірінше, ол жеңісте де төреші Тимур Құмашевтың үлесі зор.

Ең сорақысы, «Қызылжар» Қазақстандағы ең бай бес клубтың қатарына кіреді. Сондықтан жанкүйерлердің ашуы орынды.

Олар клуб басшылығының командаға лайықты деңгейде жетекшілік ете алмай отырғанын айтып, қордаланған мәселелер ұжымның болашағына қауіп төндіреді деп алаңдауда.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама