Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ақтөбе» футбол клубы беларустық бас бапкерін отставкаға жіберді

Редактор
11.08.2025, 14:51

54 жастағы белорус маманы Вячеслав Левчук қызметінен кетті

kazfootball.kz

«Ақтөбе» футбол клубы 54 жастағы белорус маманы Вячеслав Левчукті бас бапкерлік қызметінен босатуға шешім қабылдады. Бұл шешім клубтың соңғы нәтижелері мен ішкі жағдайын ескере отырып қабылданған.

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Вячеслав Дмитриевич Левчук өз қызметінен босатылды. Бұл шешім команданың соңғы кездегі нәтижелері мен ішкі жағдайларын ескере отырып қабылданды. Абай облысының “Елімай” ФК қарсы ойында Левчук шәкірттері 2:1 есебімен жеңілген еді. Осы орайда, клуб басшылығы осындай шешімге келді. Клуб ұжымы Вячеслав Левчуктің командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді және оның болашақтағы жұмыстарына сәттілік тілейді», – делінген клуб ақпаратында.

Левчук клубтың бас бапкері болып 2025 жылы көктемде Игорь Леоновтың қызметінен кеткеннен кейін тағайындалған болатын. Алайда, бас бапкердің жетекшілігімен «Ақтөбе» еурокубоктарда сәтсіз өнер көрсетіп, «Легия» мен «Спартаға» жол берді. Сонымен қатар, команда Қазақстан Кубогының 1/8 финалында шығып, қазір ҚПЛ-дің жетекші үштігінен бес ұпайға қалып отыр.

Ең соңғы ойындарда «Ақтөбе» Абай облысының «Елімай» командасына 2:1 есебімен ұтылып қалды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама