Осымен төртінші клубынде голдарының санын 100-ден асырып отыр
Гонгонгта Сауд Арабиясының футболдан Суперкубогы өтті. Финалда «Әл-Ахли» мен «Әл-Наср» кездесті.
Бұған дейін «Әл-Наср» жартылай финалда «Әл-Иттихадты» (2:1), ал «Әл-Ахли» болса, «Әл-Кадисияны» (5:1) жеңген болатын.
Финалдың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Матчта «Әл-Наср» екі рет алға шықты: 41-минутта португалиялық капитан Криштиану Роналду гол соқса, 83-минутта хорват жартылай қорғаушысы Марсело Брозович көзге түсті. Алайда «Әл-Ахли» есепті теңестіре білді. Джидда қаласының командасы сапынан 45+6-минутта ивуариялық хавбек Франк Кессье, ал 83-минутта бразилиялық қорғаушы Рожер Ибаньес мергендік танытты.
Регламент бойынша ойын бірден пенальти сериясына ұласты. «Әл-Ахли» футболшылары барлық бес соққысын дәл орындады. Ал сенегалдық қақпашы Эдуар Менди «Әл-Наср» жартылай қорғаушысы Абдулла әл-Хайбаридің соққысын қайтара білді.
Нәтижесінде Джидда клубы пенальтиде 5:3 есебімен жеңіске жетіп, Сауд Арабиясы Суперкубогын екінші мәрте иеленді.
«Әл-Наср» бұл турнирдің финалында қатарынан екінші жыл жеңіліс тапты. Криштиану Роналду клубпен соңғы екі жылда ешқандай трофей жеңе алмады.
Оның «Әл-Насрмен» жалғыз жетістігі – 2023 жылдың тамызында өткен Араб елдері чемпиондарының кубогы.
Айтпақшы, Роналду осы ойында тағы бір рекорд жаңартты. Португалиялық төртінші клубы мен ұлттық құрама сапында голдарының санын 100-ден асырып отыр. Бұл жаңа рекорд.