«Ордабасы» футболшылары бір жылдан бері сыйақысын ала алмай жүр

Редактор
24.01.2024, 01:12

Бұл ақпаратты команданың ойыншылары растаған

Ордабасы ФК

2022 жылы Қазақстан кубогін жеңіп алғаны үшін уәде етілген сыйақы «Ордабасы» ойыншылары мен бапкерлеріне әлі берілмеген деп жазады Vesti.kz.

2022 жылдың 12 қарашасында Қазақстан кубогінің финалында шымкенттік команда Оралдың «Ақжайығымен» кездесіп, қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осыдан кейін клуб әкімшілігіне, бапкерлері мен ойыншыларына сыйақы беру уәде етілген. Алайда, бір жылдан астам уақыт өтсе де «Ордабасы» иелері бұл уәдесін орындай алмай келеді.

Бұл ақпаратты «Ордабасының» қазіргі және сол кездегі ойыншылары растаған.

Айта кету керек, соңғы бір айда шымкенттік клубтың президенті Бауыржан Абдубитовтың отставкаға кеткені туралы екі рет ақпарат тарап, екеуі де жалған болып шықты. Ал, клуб ойыншылары келесі маусымға дайындығын шетелде жүргізуде.

Материалда: