Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду карьерасындағы 940-шы голын соқты

Редактор
31.08.2025, 12:47

 Енді тарихи 1000 голдық межеге жету үшін оған бар-жоғы 60 гол қажет.

Фото Reuters

Аңызға айналған португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду гол соғып, тарихи рекордқа жақындай түсті.

Сауд Арабиясы чемпионатының бірінші турындағы «Әл-Таавунға» қарсы ойында (0:5) «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду пенальтиді сәтті орындады.

29 тамыз күні «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының алғашқы турында «Әл-Таавунды» 5:0 есебімен тас-талқан етті. 40 жастағы шабуылшы пенальтиден көзге түсіп, өзінің 940-шы голын тіркеді.

 Енді тарихи 1000 голдық межеге жету үшін оған бар-жоғы 60 гол қажет.

Қазіргі қарқынын (2024/25 маусымында «Әл-Наср» сапында орта есеппен әр ойында 0,88 гол) және спорттық бабын ескерсек, егер жарақаттан аман болса, Роналду бұл межеге 2026/27 маусымының соңына қарай қол жеткізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Роналдуның еншісінде:

  • «Реал Мадрид» сапында – 450 гол,

  • «Манчестер Юнайтед» сапында – 145 гол,

  • «Ювентус» сапында – 101 гол,

  • «Аль-Наср» сапында – 101 гол.

Қалған голдарды ол Лиссабонның «Спортингінде» және Португалия ұлттық құрамасында соққан.

Роналду отбасымен бірге Сауд Арабиясына қоныс аударған. 2023 жылдың қаңтарынан бері ол «Әл-Насрдың» шабуылшысы атанып келеді. Ел заңында некесіз ер мен әйелдің бірге тұруына тыйым салынғанына қарамастан, аңыз ойыншыға ерекше жағдай жасалып, балаларының анасымен бірге тұруына рұқсат берілген.

2023 жылдың жазында Роналду «Әл-Насрмен» бірге Араб чемпиондары клубтық кубогын жеңіп алды. Бұл трофей футболшының Сауд Арабиясына ауысқаннан кейінгі алғашқы жетістігі болды. Алайда содан бері клуб жаңа трофейге қол жеткізе алмай жүр.

Реклама
Реклама